Мәдениет министрі: Эстрадада әншілер жанды дауыспен ән салуы тиіс

/image/2019/07/18/crop-8_0_720x1262_2019071811112925027_593fd3c1e6e51016cadc413daa436c5c_l.jpg

Қазақстанда әншілердің фонограмамен ән салуына шектеу қоятын заң жуық арада қолданысқа енгізілуі мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Витебскіден жеңіспен оралған Әділхан Макинді қабылдаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Мәдениет туралы" заңға осындай өзгерістер енгізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұл ұсынысты қоғамда бірқатар өнер жанашары көтеріп, ол көптің қолдауына ие болған еді. Дегенмен ол заңда көрініс табады делінгенімен, әлі нақты шешім қабылданбай келеді.

Мәдениет министрі Димаштың ізімен халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген жастардың басым болып бара жатқаны жанды дауыста ән салу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отырғанын айтады.

"Министрліктің ұстанымы - өнер таза болуы керек. Эстрадада әншілер жанды дауыспен ән салуы тиіс", - деді өз сөзінде министр Ақтоты Райымқұлова.

Оставить комментарий

Связанные Статьи