Азаматтық авиация комитеті мейрамхана алдына жас жұбайларды тікұшақпен алып келген ұшқышты жұмыстан босатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бірқатар қазақстандық БАҚ-та видео жарияланды, онда "Falcon Avia" ЖШС-ға тиесілі тікұшақты қондыру сәті көрсетілген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ережесінің 423-тармағының ережелері сақталмаған", - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Елдімекен аумағына қонған әуе кемесінің капитаны А. В. Матвиенко ұшудан шеттетілді, сондай-ақ "Falcon Avia" ЖШС ұшуды ұйымдастыру мәселелерін тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілді.
Осыған дейін, өз тойларына ерекше келудің әдісін ойлап тапқан қазақстандық жас жұбайлар интернет қолданушыларын таңғалдырған еді.
Оставить комментарий