Өрттің салдарынан 23 адам қайтыс болды (видео)

/image/2019/07/18/crop-10_10_340x604_102957994000.jpg

Жапонияның Киото қаласында болған өрттен 23 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасай отырып. 

Полиция қызметкерлері 41-жастағы күдіктіні ұстады. Оқиға болған күні ол ғимаратта болған. Алапат өрт тудыру үшін күдікті студия ішіне жанармай шашқан көрінеді.

Оқыс оқиға қалай болды?

Бейсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30-да үш қабатты ғимаратта өрт болды. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Жергілікті БАҚ-тың айтуынша, полиция қызметкерлері оқиға орнында пышақ тауып алған.

Қазіргі таңда күдіктінің компаниямен қандай қарым-қатынасы болуы мүмкін екені анықталып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи