Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымнан бері 20 адам суға кеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше Өскемен қаласында сүңгуірлер Ертіс өзенінен 57 жастағы азаматтың денесін алып шыққан.
Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайдың көбі шомылуға арналмаған, арнайы жабдықталмаған тоғандарда болған. Екінші үлкен себеп – ішімдік болса, соңғы кезде үрлемелі матрастар да қауіпті құралға айналған.
«Бұрын жүзуге арналған үрлемелі матрастар жұқа әрі ықшам болса, қазір олар өте қалың болып келеді. Мұндай құралдар су бетінде жел тұрғанда қауіпті болып кетеді. Аударылған адамның оған қайтадан мінуі қиын. Тіпті құтқарушылардың өзі су бетінде жел тұрған кезде матрасты ырыққа көндіру қиын екенін айтады», – дейді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Анастасия Скляр.
Департамент өкілі шомылу маусымы басталғаннан бері шығысқазақстандық құтқарушылар 11 адамды ажалдан арашалап қалғанын айтады.
Оставить комментарий