Алматыда жаңа асфальт автобусты көтермеді

/image/2019/07/19/crop-11_26_1140x891_d_w8tiqxkaem0sd.jpg

Желі қолданушылары Алматы қаласындағы Тмириязев көшесінің автобус салмағын көтере алмай ойылып қалған жолдарын суретке түсіріп, қала әкімін белгілеп жүктеп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қолданушылардың пікірінше, жаңадан төселген жол аптап ыстыққа шыдай алмай балқыған. Балқыған асфальтты ойып жіберген - қоғамдық көліктердің ауыр салмағы. 

Көпшілік жолдың ойылып қалғанына 1970-80 жылдары төселген асфальттің алынбағаны себеп деседі. Бірақ біршама уақыт бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов орташа жөндеу жұмыстары кезінде ескі асфальт қатпарлары алынбайтынын айтты. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи