Талдықорғанның орталық көшелерінің бірінде Балпық би ауылының келген кәсіпкер Владимир Хан үлкен билбордқа "Азамат Жылқыбаев(алматы облысының прокуроры) Сенбеймін, Уволить" деп жазған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Желтая Газета" басылымының бас редакторы Сандуған Дүйсенова өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Кәсіпкердің айтуынша, құқық қорғау органдарынан көңілі қалды.
15 жыл бұрын ол Балпық би ауылында жер сатып алып, дүңгіршек орнатқан. Ал Көксу ауданының шенеуліктері ауыл орталығында орналасқан жерді сот арқылы тартып алғысы келген. 70 квадрат метр аумаққа жергілікті билік аллея салуға жоспарлауда.
"Олар келісімді жарамсыз деп есептейді. Әкімдік құжат толтыру кезінде қәте кетті деп ойлайды. Бұл жерде менің кіңәм жоқ, мен қарапайым кәсіпкер және салық төлеушімін. Прокуратура үндемей отпай, менің конститутциялық құқықтарымды қорғағанды қалаймын", - деді Владимир Хан.
Сандуған Дүйсенованың айтуынша, белгісіздер билбордты ұрлап кетті. Ал облыс прокуроры Азамат Жылқыбаев Владимир Ханды өз қабылдауына шақырды.
Оставить комментарий