Ахметов Арыста атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

/image/2019/07/22/crop-1_1_719x958_arys1.jpg

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Түркістан облысының Арыс қаласына барып, біздің өңірге бөлінген 8 секторда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып қайтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

- Қазіргі таңда жүргізілген бағалау жұмысының қорытындысы бойынша зардап шеккен нысандар қатары 553-ке жетті. Тексеріліп, қаралғаны жөнінде арнайы акт жасалып, тұрғындар арасында түсіндіру шаралары жүргізілді. Зерттелген тұрғын үйлердің ішінде 95% зақым келтірілген, - дейді облыс әкімі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи