Адамдар оларды көзі тірісінде алдын ала белгілеп қойған, бірақ ешкім жерленбеген.
Бұл туралы Daryо.uz басылымына Бұхара қаласы әкімшілігінің қызметкері Бафо Нарзуллаев айтқан.
"17 гектарды алып жатқан Хожа Имами Хафси Кабир Бухари зираты тексерілді. 18 мыңға жуық мола анықталды, олардың 8-10 пайызы бос екені белгілі болды. Жерлеуге арналған жер тегін беріледі, адам жерлейтін уақытта мола қазу жұмыстары ғана ақылы", - деді ол.
Daryo.uz мәліметі бойынша, 1700 қабірге қоршау салынған. Дереккөздердің айтуынша, бұл молаларды жергілікті шенеуніктер көзі тірі туыстары үшін меншіктеп алған.
Қазір Хожа Имам зиратында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған бір мыңға жуық адам тартылған. Бұл зираттың пайда болғанына 1000 жылдан асқан.
Оставить комментарий