Бауыржан Байбек Абайдың өлеңін оқыды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Армысыздар, ардақты ағайын!
⠀
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай данышпан шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын халқымыздың күміс көмей, жез таңдай әншісі Мөлдір Әуелбековадан қабылдап, Абай шығармаларынан үзінді оқымақпын.
⠀
Абай – қазақ руханиятының айнасы, кемел дүниетанымының көрінісі. Абай мұрасы – ақылдың кені, сарқылмас рухани қазына. Ұлы ойшылдың қай туындысын алсаңыз да, салиқалы ой, салмақты тұжырымға тұнып тұр.
⠀
Ұлы Абайдың өсиет еткен ой-пікірлері, бізге мұра етіп қалдырған қара сөздері мен өлеңдері тағлымды мән-мағынаға толы, қазір де өзекті. Олардың негізгі түйіні бірлік, еңбек және адамгершілік секілді басты құндылықтардың өзегінде тоғысқан. Қашанда елдіктің бастауы – бірлікте.
⠀
Осыған орай менің таңдауым хәкім Абайдың «Сәулең болса кеудеңде» өлеңіне түсті", -деді Бауыржан Байбек.
Оставить комментарий