Каспий теңізінің үстінде Әзірбайжан ұшағы жоғалды. Кім кінәлі?

/image/2019/07/25/crop-11_18_299x582_1556859286_0_117_889_617_600x0_80_0_0_5163a58e2b18f39eccb1dcbe1eac199a.jpg

Әзірбайжан мемлекетіне тиесілі МиГ-29 ұшағы түнгі тәжірибелік жиын кезінде радардан жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта ұшқышты іздеу жұмыстары жүргізілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 24-шілде күні жергілікті уақытпен сағат 22:010 шамасында жоғалған. Күтпеген жерден сигнал үзіліп кеткен, содан кейін ұшқыш қайта байланысқа шықпапты. 

Алдын-ала болжам бойынша, ұшақтан ақау шығып, нәтижесінде Каспий теңізіне құлаған. 

Қазіргі уақытта құтқарушылар ұшқышты табу мақсатында жұмыс жасап жатыр. СОндай-ақ, осы оқиғаға байланысты арнайы құрылған комиссия ұшақтың құлау себебін анықтау үстінде. 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи