#TAZAALMATY экологиялық акциясы "Көкжайлаудан" басталады

/image/2019/07/25/crop-13_8_1270x887_144416718300.jpg

 

Алматыда ҚР Премьер-Министр А. Маминің бастамасымен қолға алынған жалпыреспубликалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына үн қосып, #TazaAlmaty қала кеңістігін тазарту бойынша жалпықалалық акцияны жариялайды.

27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазарту бойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды.

Челленджге қатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады.

Акцияның мақсаты – мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.

Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty акция аясында аудандардың ластанған аумақтары тазаратын болады.

Экологиялық акцияға ниет білдірген барлық қалалықтар шақырылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи