Ғани Нығыметов жаңа қызметке тағайындалды

/image/2019/07/30/crop--1_0_373x501_526646b5-ec17-49b6-9be9-668dce0a74b4.jpeg
ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
 
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
 
Ғани Сақтағанұлы 1983 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. Осыған дейін, «Назарбаев Университеті» халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университеті «Энергетикалық зерттеу орталығы» бас директорының орынбасары, ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи