Әлеуметтік желілерде Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа арналған #ГабекеРахмет, #зыңәкімрахмет атты челлендж тарап жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Эстафетаның шарты! Шымкент қаласында әдемі жерлерде немесе жалпы жасаған дүниелерін түсіріп лентаға салыңыз. Сонымен қатар #ГабекеРахмет #ЗыңӘкімРахмет хэштегтерімен инстаға жүктеңіздер. Хэштег арқылы көрсін ризашылығымызды! @gabidullaabdrakhimov белгілеуді ұмытпаймыз. Ғабеке Рахмет!!!!"
Шымкенттіктер Ғабидолла Әбдірахымовқа осылайша алғысын білдіріп жатыр.
Айта кетейік, эстафетаны КВН-нің бұрынғы ойыншысы, әзілкеш, актер Марат Достаев бастады. Ол қазақстандықтарды экс-әкімге алғыс білдіруге шақырды.
Оставить комментарий