Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурорға Алматы облысындағы Заречный ауылындағы түзету мекемесіндегі жағдайды жан-жақты тергеуге тапсырма берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ол туралы президент Твиттер әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.
"Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет", - деді Тоқаев.
Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 31, 2019
Оставить комментарий