Өз қызын зорлаған боксшының жазасы қандай?

/image/2019/08/01/crop-6_75_348x620_347769624_w640_h2048_bokserskie_perchatki_05.jpg

Ауыр салмақтағы Аргентинаның бұрынғы чемпионы Карлос Балдомир қызына зорлық жасағаны үшін 18 жылға сотталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Прокурордың қорытындысына қарағанда, Балдомир алдымен өзінің қызын сегіз-тоғыз жасында қорлаған. Алғаш рет 48 жастағы экс-боксшының үстінен бұрынғы әйелі шағым түсірген. Сотта барлығы 14 куәгер айғақ берді.

Әлемдік бокс жұлдызы өз қызын зорлағаны үшін 18 жылға сотталды -

Сот отырысы кезінде Балдомир журналистерге жұдырығын ала жүгіріп, сот процесіне қатысушыларға ортаңғы саусағын көрсеткен. Балдомир спорттық мансабын 2014 жылы аяқтаған.

Оның қазірге дейін 49 жеңісі, 16 жеңілісі және алты ойынында тең түскен, 2006 жылы Балдомир американдық Флойд Мейвезермен кездесіп, жеңіліс тапты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи