Атыраулық жүргізушіге рекордтық көлемде айыппұл салынды

/image/2019/08/03/crop-39_25_528x704_126956.jpg

31 шілдеде Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері 31 жастағы "Приора" көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Ол Ресей нөмірімен заң бұзушылықтар бойынша рекорд орнатқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап.

"Кордон-М" радиолокациялық жүйесі жылдамдықты асырудың 43 фактісін тіркеген. "Ақылды технологиялар соңғы екі айда заңбұзушылықтарды тіркеді. Дабыл түскеннен кейін, бейнебақылау жүйесінің операторлары көлікті қалалық автомобильдер ағынымен бақылап, жақын маңдағы патрульге бағыттады. Полиция құқық бұзушыға салынған айыппұлдардың жалпы сомасын шығарды. Бұл сома 782 750 теңге болды", - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушімен әңгіме өткізілді, оған айыппұлдарды жеңілдетілген төлеу әдісі түсіндірілді. Ол бір апта ішінде қарызын төлесе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Айыптының көлігі айып тұрарғына орналастырылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи