Атырау облысындағы​ түйе өлімі тоқтады

/image/2019/09/02/crop-63_63_447x795_2019_08_05_whatsapp-image-2019-08-05-at-18.32.21.jpeg

Ағымдағы жылдың 3-28 шілде күндері аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында және Құлсары қаласының қарасты Жадырасын ықшам ауданында 11 бас түйе шығын болған болатын. Шығын болған​ сәтен​ бастап, сараптама жасалды. Сараптама нәтижелері облыстық ветеринариябасқармасына​ тапсырылып, қорытындысы шықты. Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардың ешқандай белгілері жоқ.​

​– Түйелер жайылатын жайылымдардағы​ жем-шөптерден және Жем өзенінен сараптама алынды. Қорытындысы​ бойынша нормадан​ ешқандай ауытқушылық жоқ. Ал, түйе өліксесін потологиялық-анатомиялық жарып сою нәтижесінде көмекей қуысынан көп мөлшерде құрттардың бар екені анықталды. Ветеринарлар бұл цефалопиноз деген ауру деп қорытындыға келді, – дейді Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.

Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, ауданда​ 9720 түйе бар. Барлық түйелерге​ паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер беріліп, өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи