Биылғы шілде тарихтағы «ең ыстық» деп танылды

/image/2019/08/06/crop-141_63_523x697_1561119255_news_b.jpeg

Климаттағы өзгерістерді бақылайтын еуропалық Copernicus (C3S) қызметінің дерегінше, 2019 жылғы шілде метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық ай болған.

Бұған дейін ең ыстық шілде 2016 жылы тіркеліпті. Ол кездегі астап ыстыққа Тынық мұхитының экватор жағындағы судың жоғарғы қабатындағы темперетураның өзгерісі (эль-ниньо құбылысы) әсер еткен еді.

Биылғы шіліңгір шілдедегі ауа температурасы 2016 жылғы көрсеткіштен 0,56 градусқа жоғары болған. Шілде айы Қазақстанда да аптап ыстыққа толы болғаны белгілі.

Синоптиктер 6-8 тамыз күндері еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында ауа температурасы қайтадан 42 градусқа дейін көтерілетінін хабарлады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи