Қарағандылық әкімдік пен сауда орталығын «жарамын» деп қорқытты

/image/2019/08/11/2019081115525399095_322_b54a00b7b7151ce074929769f84e1c91.jpg

Үстіміздегі жылдың 11-тамызында сағат күндізгі 12:13 шамасында 102 телефонына белгісіз ер адам хабарласып, "City mall" сауда орталығын жаратынын айтып қоқан-лоққы көрсеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің кезекші бөлімінің нұсқауымен аталған орынға шұғыл әрекет ету тобы жіберілді. Патрульдік полиция қызметкерлері ғимаратты толық қоршап, 240 адамды эвакуациялады.

Араға бір сағат уақыт салып, 102 телефонына қоңырау шалған тағы бір адам облыс әкімдігінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жеткізді.

Жедел іздестіру тобының еңбегінің арқасында 39 жастағы қала тұрғыны қолға түсіп, қоңырау шалынған телефоны алынды. Ал саперлар қос ғимаратты да мұқият тексеріп шыққан. Ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен ҚР ҚК 273-бабына сәйкес «Терроризм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін» іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи