Алматы қалалық полиция қызметкерлері өрт кезінде табылған мәйітке қатысты тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта мәйіттің аты-жөні, жынысы, қандай жағдайда қаза тапқаны ауқымды зерттеліп, анықталу үстінде. Тексеру үшін қылмыстық іс қозғалған.
Сот-медициналық сараптамасы мен басқа да сараптамалар тағайындалып, зерттелу үстінде. Сараптама қорытындысы адамның неден қаза тапқаны туралы нақты мәлімет береді.
Еске сала кетейік, кеше Көк-Төбе маңындағы өртті сөндіру барысында адамның мәйіті табылған еді.
Оставить комментарий