Саперлер қойма аумағын тазарту жұмыстарына кірісті

/image/2019/08/12/crop-77_64_446x793_slayd2.jpg

 

Инженерлік-саперлер бөлімшелері Арыс қаласының ішкі аумағын тазарту жұмысын аяқтап, қойма аумағын тазартуға кірісті. Сонымен қатар әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, апта сайынғы сапар барысында қорғаныс ведомствасының басшысы қойманы сапалы тазарту, сондай-ақ жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі маңызды міндет екенін ескере отырып, қаланы жөндеу жұмыстарын тексерді және іс-шараны атқару нәтижелері туралы баяндамаларды тыңдады. Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі әр қарай қалпына келтіру және жою жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

саперлер

Арыста төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде қосалқы жасақтың әскери қызметшілері жұмысын жалғастырып жатқанын айта кеткен жөн. Оқ-дәрі бөлшектерін іздеуге, табуға және жоюға инженерлік-саперлер топтары жіберілді. Осы аралықта олар 150 мыңнан астам қалдықтарды тапты. Бүгінгі күнге дейін саперлер 1 250,7 шаршы км аумағын толық тазартты, салыстырмалы түрде бұл аумақ Сингапур мемлекетінің екі аумағына тең болады.

Жергілікті халықпен оқ-дәрі табылатын жерге шұғыл жететін мобильді топ жұмыс жасайды. Өз тарапынан Қорғаныс министрлігі тағы да оқ-дәрі бөлшектерін немесе күдікті заттарды тапқан жағдайда тез арада саперлер мобильді тобына хабарлауды және өз бетінше ешқандай іс-әрекет жасамауды ескертеді.

        

Оставить комментарий

Связанные Статьи