Апта басындағы кадрлық тағайындаулар

/image/2019/08/12/crop-18_100_492x874_2714596bcd154c2acf941b0f2fcb2538_xl.jpg

 

Алдымен мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды. Оның орнына бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып келген Асқар Бейсенбаев тағайындалды.

Сондай-ақ Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2015 жылы келген болатын. 4 жылда кәсіпкерлік, баспана, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік әл-ауқат, жол мәселелерімен айналысты. Бұрынғы орынбасар әлеуметтік желіні белсенді қолданатын. Алматыдағы LRT желісінің құрылысы, BRT желісі туралы, қалалық автобус паркінің жаңаруына қатысты көп пікір білдірген болатын.

Кадрлық өзгерістер толқынымен, Орал қаласына да жаңа басшы келді. Батыс Қазақстан облысының орталығына әкімі болып Абат Шыныбеков тағайындалды. Абат Абайұлы соңғы жылдары Орал қаласының мәслихат хатшысы, Сырым ауданының әкімі, 2017 жылдың маусым айынан бастап Казталов ауданының әкімі болған.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи