Үстіміздегі жылғы 14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінің №1 бассейнінің ішкі арналарында 5 куб.м/сек мөлшермен су тасыды. Өзендегі су жағдайы 5 метрге төмендеді. ТЖД басшысы Серік Әубәкіров сағат 07.11-де өзені арнасындағы жағдай тұрақтағанын айтты. Дүрлігуге еш себеп жоқ.
Наурызбай ауданының өрт сөндіру бөлімі, жол-патрульдік экипажы дауыс күшейткіш құралдармен тұрғындарға мән-жайлы түсіндіруге. Участокта көгілдір отын мен электрэнергиясы уақытша сөндірілген.
Жақын маңдағы елдімекендерге төнер қауіп жоқ. Десе де қалалық әкімдік эвакуциялау пунктттерін даярлауда. Олардың мекенжайлары төмендегідей:
- Ескі әкімдік. Жандосов-Рысқұлов.
- Шәймерденов көшесіндегі №175 мектеп.
- Жандосов-Яссауи қиылысындағы №158 мектеп.
Төтенже жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. ҚазАвиаСпас және Құтқару қызметінің борттары, Ұлттық гвардияның жеке құрамы толық даярлыққа қойылды.
Оставить комментарий