Шығыстағы тарихи-мәдени кешендер ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енуі мүмкін

/image/2019/08/14/crop-32_144_513x911_061528700200.jpg

Дөңгелек үстел басына жиналған мамандар Алтайдағы тарихи-мәдени кешендерді ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізу қажеттігін тілге тиек етті. 

Бұл орайда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Аталған жоғары оқу орны Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен тізе қосып Алтайға халықаралық экспедиция ұйымдастырған болатын. Экспедиция барысында   отандық және шетелдік ғалымдар Қарт Алтайдың қойнауына бүккен тамырлы тарихымен танысып, ғажайып әлеміне терең бойлап қайтты. Осы сапар туралы, сондай-ақ Тарбағатайдағы Елеке сазы, Катонқарағайдағы Берел қорымдарынан табылған құнды жәдігерлер жөнінде Өскемендегі басқосуда кеңінен сөз болды.

– Алтайды ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізу шетелдіктерге, халықаралық қауымдастыққа еліміздің бай тарихы мен мұрасын насихаттауға зор мүмкіндік береді. Кейінгі төрт-бес жылда өңірімізде археология саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми және технологиялық жағынан көп қолдау көрсетіп келеді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады, – деді жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Оставить комментарий

Связанные Статьи