Жидебайда Абайды ұлықтады

/image/2019/08/14/crop-5_187_527x937_prezentatsiya-microsoft-powerpoint11.jpg

Игілікті шараның мақсаты – "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында хәкім Абай есімін ұлықтау, ұлыларды дүниеге әкелген қасиетті өлкеге тағзым ету, оқушылар мен студент жастар арасында Абай Құнанбайұлының бай мұрасын насихаттау, –  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жидебайда өткен форум аясында ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Сондай-ақ бұл күні ұлылар мекенінде "Шығыс Қазақстан облысының қасиетті жерлерін зерттеудегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үлесі" атты арнайы көрме ұйымдастырылды. Шара барысында Абайтану саласына еңбек сіңірген бірқатар маманға С.Аманжолов университетінің ғылыми кеңес шешімімен "Абай" медалі тапсырылды.

Суреттер ШҚМУ-дың ресми сайтынан алынды

Оставить комментарий

Связанные Статьи