Ұлттық  қоғамдық сенім кеңесі не үшін қажет?

/image/2019/08/19/kenhes.jpg

 

Тамыз айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз жұмысын бастайды. Әрине, ашығын айту керек, әлі де пікірлер шоғыры екіге жарылып тұр. Әрине, күмәнмен қарайтындардың да пікірін бағалау керек. Олар «бұған дейін мұндай кеңестер болған, оның жемісін көрмедік» дегенді айтады. Бірақ ақиқатын айту керек, бұл жолғы кеңестің жөні бөлек. Мұны бұрынғылармен салыстыруға еш болмайды. Өйткені Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін Президент Тоқаевтың өзі басқарады. Демек, кеңес келелі мәселелерді сөз етеді. Мұнда талқыланған мәселелердің барлығы бірден орындалуы қиын әрине. Бірақ қоғамның пікірін, халықтың үнін Президент Тоқаевтың өзі естиді. Естіп қана қоймай, болашақта біртіндеп жүзеге асатынына сенім бар.

Сондықтан да Ұлттық кеңеске  сенім күшейеді.

Әрине, Президент Тоқаев қазіргі кезде әртүрлі салада  реформаларды бастауға даяр отыр. Мұны халықпен тікелей кездесу және оған құлақ асу деп түсінген ләзім.

Ал Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі не үшін қажет?

  1. Кейінгі кезде әр жерде жекелеген азаматтардың наразылығы артты. Мәселені бұлай қалдыра беруге болмайды. Келелі мәселе көшеде шешілмеуі титіс.
  2. Мұны билік те түсінді. Сондықтан белгілі дәрежеде өзгерістер керек.
  3. Президент Тоқаевтың Ұлттық кеңесті шақыру туралы Жарлығында осындай нақты қадам жатыр.
  4. Мұны Елбасы Назарбаевтың жасаған реформаның сабақтастығы деп түсінген жөн.
  5. Ұлттық кеңесте талқаланған мәселеден кейін қоғамда бетбұрыс кезеңі басталатынына сенім бар.
  6. Ұлттық кеңесте көп нәрснің ашық талқыға салынуы халықтың болашаққа деген сенімін нығайтады.
  7. Сондай-ақ биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Әрине, біз «Ұлттық кеңес не үшін қажет?» деген сауалға жауап беру барысында мұның бастыларын ғана сөз еттік. Бірақ  кеңеске мүше азаматтар бұл отырыста халықты толғандырған меселелерді елдің талқысына салады, Президенттің алдында ашық айтады. Сондықтан президент Тоқаев отырыс барысында қордаланған көп мәселелерден құлағдар болады және ол алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймыз.

Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи