Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Саин көшесінде және Шығыс айналма автокөлік жолында жылдамдық режимі сағатына 80 шақырым жылдамдыққа қайта оралады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жылдамдық магистральдерінде (ШАКЖ, Әл -Фараби даңғылы) рұқсат етілген 80 км жылдамдықты қайтару мәселесі көптеген қалалықтарды толғандыруда. Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап осы тақырыпқа қатысты 800-ден астам өтініш түскен.
Практика көрсеткендей, рұқсат етілген жылдамдықты 60 км/сағатқа дейін төмендеткенімен, апатты жағдай қалада жақсарған жоқ, өкінішке орай, ЖКА өсу үстінде.
ШАКЖ мен Әл-Фараби даңғылына жылдамдық режимін қайтаруды Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі де ұсынған болатын.
Сондықтан, қоғам тарапынан түскен көп өтінішті назарға ала отырып, Алматы әкімдігі ШАКЖ мен Әл-Фараби даңғылына рұқсат етілген 80 км/сағат жылдамдықты қайтару жөнінде шешім қабылдайды, бұл бірыңғай айналма жолына енетін көшелерге қатысты оң шара болып отыр.
Оставить комментарий