Жамбыл облысының 80 жылдығы орай «Шахристан» этно-тарихи кешені пайдалануға берілмек

/image/2019/08/19/crop-285_401_2472x4395_shakhristan-2.jpg

Биыл құрылғанына 80 жыл толатын Жамбыл облысының мерейтойы қарсаңында «Шахристан» этно-тарихи кешені пайдалануға беріліп, негізгі шаралар легі осында ұйымдастырылмақ. Бүгінгі таңда кезінде Тараз қаласындағы ең ірі сауда орталығы болған кешен аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімінің сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттік бюро мекемесінің директоры Арман Әбдешов «Шахристан» этно-тарихи кешені аумағында құрылыс жұмыстарында орта ғасырлық шығыстық сәулет стилінің қолданылып жатқанын айтады.

– Бұрынғы көк базар аумағындағы «Шахристан» сауда орталығының орнында бой көтеретін этно-тарихи кешен құрылысында көне Тараз қаласын көз алдымызға әкелетін ортағасырлық шығыс сәулет үлгісі пайдаланып жатыр. Бұл нақыштағы нысандардың туристер арасындағы кең сұранысқа ие екеніндігі белгілі. Демек осы кешен арқылы Таразға көптеп туристер тарту мүмкіндігіне қол жеткіземіз. Шығыстық үлгідегі сәулет өнерінің ерекшелігін тану мақсатында жамбылдық сәулетшілер Өзбекстан мемлекетінде болды. Олардың тәжірибесін біз құрылыс жұмыстарын қолданып жатырмыз,– дейді А. Әбдешов.

Жалпы кешен аумағында қолөнер шеберлері мен «Көркемдік-бейнелеу өнері» галереясы, «Руханият» орталығы, облыстық өлкетану мұражайы, «Көрме» павильоны сынды нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржы көлемі 3 миллиард 76,4 миллион теңгені құрайды. «Шахристанның» шырайын келтіру ісіне «KDMC» және «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің 143 жұмысшысы мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ бұрынғы көк базар маңындағы ақын Жамбыл Жабаев ескертшінің орнына «Сағат» стелласы салынуда. Қаланың кез-келген бұрышынан көрінетін бұл нысан да тарихи Тараз туризмінің бойтұмарына айналмақ.

Айта кету керек ағымдағы жылы 80 жылдық мерейтойын тойын тойлауға дайындалып жатқан Жамбыл облысы 1939 жылдың қазан айында құрылған болатын. Әр жылдары Түркістан кеңестік республикасының, Сырдария, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы округінің құрамына кірген облыс осылайшадербес аймаққа айналып, дамудың даңғылына түскен-ді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи