Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды

/image/2019/08/20/crop-148_0_426x568_fc903aa5154640eacfc1d56ee68e322e.jpg

Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта.

Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз  Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.

Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап вице-премьер қызметін атқарған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи