Жақында Татарстандық «ProKazan» ақпараттық сайтында «Қазақстандық дипломаттар «автохамдар» атты мақала жарық көрді. Онда Қазақстан консулдығының қызметкерлері, жол ережелерін жиі бұзатындығы және автобус аялдамаларына көліктерін қойып кететіндігі туралы айтылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Әрине, бұл өз кезегінде қоғамдық көліктердің қозғалысына кедергі келтіретіні түсінікті. Аталмыш бассыздыққа байланысты жергілікті тұрғындардың шағымынан соң, сайт редакциясы Қазандағы Қазақстан елшлігіне хабарласып, мән жайды білмек болып, бірнеше дәлел келтірген. Ал елшіліктегілер болса, көліктің қазақстан елшілігінің сату жөніндегі кеңесшісіне тиесі екендігін, әзірге жеке авто тұрақ жоқ болғандықтан, бір жыл көлемінде аталмыш көше бойына көлік қойып жүргендіктерін және бұл өрескел жол ережесін бұзышылыққа жатпайтынын жеткізген. Сондай-ақ, Қазақстан елшілігіне тиесілі, шетелдік нөмірлі тағы бір көлік Қазан қаласындағы Университетская көшесінде де тіркелген. Әзірге жергілікті полиция қызметкерлері қазақстандық дипломаттардың көліктеріне тексеру, оларға айыппұл сала алмайтындықтан, дипломаттар жол ережесіне мүлде бағынбайтындықтарын айтқан. Ал РФ СІМ мен Бас прокуратурасы 2014 жылы жол ережесін жиі бұзатын шетелдік дипломаттарды мансабынан айыру туралы ұсыныс жасаған болатын. Барлығы олардың елшілік қызметкерлеріне берілетін құжаттарына байланысты. «Мейлі, көлік жол ережесін бұзса да, егер ол азаматта елшілік құжаты болса, біз ешқандай айыппұл сала алмаймыз. Халықаралық конвенцияда осылай бекітілген. Бұған еркінсініп алғандар болса, жол ережесіне бағынбай, емін-еркін жүреді. Бұлар «автохам» емей немене» -дейді Қазан қалалық ЖПҚ командирі орынбасары Михаил Савин. Олар шетелді былай қойып, Қазақстанның ішінде де жол полиция қызметкерлеріне пысқырып та қарамайды екен. Қызметтік көліктермен жүретін қазақстандық шенеуніктер жол ережесін жиі бұзады. Оның үстіне айыппұл да төлемейтін көрінеді. Мысалы, былтырғы жылы мемлекеттік мекемелердің төлеуге міндетті, алайда төленбеген айыппұлдың 1238 фактісін анықталған. ҚР Бас прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, Астана, Алматы, ОҚО мен Қызылорда облысында өтелмеген айыппұлдың жалпы сомасы 11,5 млн. теңгеге жеткен. Бұл көліктер мемлекеттік органдардың атына тіркелгендіктен, айыппұл қағаздары да сол жаққа жіберілген. Алайда бұл да нәтижесіз болған. Ал жол ережелеріне бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдік шенеуніктердің қарызы 1,5 млрд. теңгеге жеткен. Ал шекпеніндегі шендеріне масаттанып жүргендердің балалары ше? Дәлірек айтсақ, жол ережелерін жиі бұзатын шенеуніктердің өздері емес, балалары болып шығады. Мысалы, Мақсат Үсеновты алматылықтар көпке дейін ұмыта қоймас. Үнемі жол ережесін сақтамайтын, тек әкімшілік жауапкершілікпен ғана құтылып кететін Үсеновтің көліктері де әркімнің қалтасы көтере бермейтін, қымбат маркадан болып шыққан.
- BMW X6. Тап осы көлікпен Үсенов аялдамада тұрған алты адамды қағып кеткен болатын. Амалын тауып жазадан құтылып кеткен ол арада көп уақыт ұзамай тағы бір қанды оқиғаның ортасынан табылған.
- Porshe 911. Үсеновтің Porshe 911 көлігінде Алматы көшелерінде жүргенін Facebok қолданушылары өз парақшаларында жазды. Мақсатты танитын адамдар да оның көлік тұрағынан осы көлікті байқағанын айтқан.
- Toyota Avensis. Жол апатынан соң Мақсат Үсенов “Тойотоға” отырды. Алғашында бұл көлікті Мақсат өзі жүргізбей, арнайы көлік жүргізушісіне тапсырған. Алайда, жолаушы болудан жалыққан ол рөлге қайта отырды.
- Mercedes-Benz SL. Кейін Үсеновтің баласы Мақсат мерседесті тізгіндеді. Тағы да жол апаты орын алған.
- Mercedes-Benz S-Class W221. Үсенов осы көлікпен соңғы рет жол ережесін бұзған болатын.