Димаш "Новая волна" байқауында өнер көрсетті (видео)

/image/2019/08/25/crop-81_-2_283x377_photo_59007.png

Димаш Құдайберген Сочиде "Новая волна" жас таланттар конкурсын "Olympic" әнімен ашты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ өнерпазы "Olympico" әнін композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен орындады. Сондай-ақ Игорь Крутой академиясының хоры, Сочи симфониялық оркестрі және Сочи қаласының жастар хоры қолдау көрсетті.

Байқау жүргізушісі Андрей Малахов Димашты "Димаш Құдайберген – Ресей, Қытай және әлем эстрадасының жаңа секс-символы", - деп таныстырды.

Конкурстың ашылу салтанатында Димаш Құдайберген тағы бір шығарма – "Mademoiselle Hyde" әнін шырқады.

"Бүгін Сочидегі бүкіл гүл Димаш үшін сатып алынған секілді", - деді жүргізуші гүлдің астында қалған Димашқа қошемет білдіріп.

"Димаш ең мықты, ең үздік, оған тең келер ешкім жоқ. Сен үшін отқа да суға да түсуге дайынбыз, керек десең тыңшы боламыз"- деп жазады әртістің тыңдармандары.

Айта кетейік, "Новая волна" - халықаралық танымал әуендерді орындаушы жас таланттар байқауы. Байқау биыл Сочи қаласында 24-29 тамыз аралығында өтеді. Конкурста әлемнің 13 елінен келген жас әншілер сынға түседі. Димаш Құдайберген конкурс аясында өтетін Игорь Крутойдың мерейтойлық кешінде және байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи