БҚО-да 100-ден аса мал өртенді

/image/2019/08/25/crop-138_4_283x377_photo_59006.jpg

Батыс Қазақстан облысында 100-ден аса мал өлді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап.

Өрт 24 тамыз күні сағат түнгі үштер шамасында Жаңақала ауданындағы жеке шаруашылықта аумағында болған.  БҚО ТЖД зілзала қауіптерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Түрегелдиевтің айтуынша, өрт салдарынан 100-ден аса қой ешкі малы және сегіз ірі қара қырылған. Сонымен қатар, 162 тонна шөп өртенген. Өрт аумағы - 2450 шаршы метрді қамтыған. Нақты сандары анықталып жатыр. 

Өрт қасақана жасалған деген болжам бар. Материалдық шығын мен кінәлілер іздестіріліп жатыр. Оқиға орнында төрт өрт сөндіруші мен бір арнайы техника жұмыс істеді. Өрттің таңғы 09:00-де сөндірілген", - деді Ерлан Түрегелдиев. Бәйтерек ауданындағы Достық ауылдық округында тағы бір өрт шықты. ЖШС аумағында 200 тонна шөп өртенді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи