Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Парламенттің қос палатасын бірлескен отырысқа шақырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Нығматулин өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойдым. Сенат пен Мәжіліс депутаттары Парламенттің бесінші сессиясын ашу үшін жиналады", - деп жазды Нығматулин
Парламент сессиясын, әдетте, Президент, ал ол болмаған жағдайда - Мәжіліс төрағасы ашады.
Оставить комментарий