Қазақстанда аптап ыстықтан төрт түлік мал қырылуда

/uploads/thumbnail/20170708182401767_small.jpg
 

Қазгидромет  осы аптада еліміздің 6 облысында өте күшті аптап ыстық болатындығы жайлы шұғыл ескерту таратқан болатын. Синоптиктердің мәліметі бойынша  29 маусым - 1 шілде аралығында күндіз Атырау облысында +40+43 градус аптап ыстық сақталып, 30 маусым - 2 шілде аралығында күндіз Маңғыстау облысында +40+45 градус аптап ыстық күтілетінін және  30 маусым - 2 шілдеде күндіз Қызылорда облысында аптап ыстық +45 градусқа дейін көтерілетін ескерткен еді. Сондай-ақ 30 маусым - 1 шілдеде күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерлерде +40 градусқа дейін аптап ыстық болуы ықтимал екендігін айтқан. Алайда синоптиктердің белгілеп берген уақыты аяқталғанымен, күн қайраты қайтар емес. Тіпті, еліміздегі аптап ыстық бірқатар облыстарды әуреге салған.

Әуелі, күннің аптап ыстығынан Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында ұсақ мал қырылуда.  Бұл туралы аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Маусымның 24-і мен шілденің 3-і аралығында аптап ыстықтан үш бірдей отардан 5000 мыңға жуық қой қырылып қалған.  Ауа  райының тосын құбылысынан аудандағы  «Ынтымақ», «Ақсеңгір» және «Көбелдес» шаруа қожалықтары қыруар шығынға батқан. Қырылған малдың 90 пайызы жаңа туған төлдер болған. Осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып,  аудандық ветеринарлық бақылау комитеті мамандары  жайылым шөбі мен суының нұсқаларын және қырылып қалған қойлардың қанын тексерген. Сараптама қорытындысы 15 күннің ішінде дайын болады, дейді шаруалар. Ал аудан әкімшілігіндегілер болса, шопандарға ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты малды күн қайтқанда өріске шығаруды ұсынған.

Ал Атарау облысында Орал өзені тасығаннан кейін пайда болған көлдерде жаппай балықтар қырылуда. Бұл туралы Атырау облыстық табиғатты қорғау жөніндегі мамандандырылған прокурорының аға көмекшісі Сапар Тұрсынов мәлімдейді.  Көлдердегі балықтың жаппай қырыуының басты себебі – ауа температурасының 40 градустан асып жығылғандығы болуы мүмкін.

-Аптап ыстықтан көлдер тартылып, ондағы  ауа тарылған. Салдарынан балықтарға ауа жетпей, қырылып қалған. Дәл қазіргі уақытта балықтардың жаппай қырылуының себептері анықталуда. Мамандар балық өлекселері мен судың құрамын тексеруде. Ал қазір көлдердегі қалған балықтарды аулап алып, арнайы орындарға жіберу жұмыстары жүргізілуде. Бұл көлдегі балықтарды сақтап қалудың жалғыз жолы,-дейді С.Түрсынов.

Күннің күрт жылынуы  тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің бірқатар мемлекеттерінде байқалған.

  1. Жапонияда аптап ыстықтан зардап шегушілер саны артып, ауруханаға түскендер саны 500-ге жуықтаған. Бұған дейін Жапонияда аптап ыстықтан екі адам көз жұмған.
  2. Үндістанда мамыр айынан бері бері басылмаған аптап ыстықтан 1200 адам қаза тапқан. Әсіресе, елдің оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш және Теланга штаттарындағы халықтың жағдайы мүшкіл. Бұл өлкеде ауа температурасы күндіз 48,8 градусқа дейін көтерілген.
  3. Пәкістанда аптап ыстықтан көз жұмғандар саны күн санап артуда. Бүгін бұл көрсеткіш 400-ден асты. Пәкістанда температура бағаны Цельсий шкаласы бойынша 47 градусқа жеткен. Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи