ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта қамтылатын мәселелер туралы мемлекет басшысы Twitter парақшасында айтқан болатын.
"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", делінген онда.
Оставить комментарий