Жамбылда "Әулиата жауһарлары" экспедициясының жеңімпаздары марапатталды

/image/2019/09/02/crop-24_106_523x929_dgauqar-11.jpg

 

Жамбыл облысында Жастар жылы аясында қолға алынған «Әулиата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедициясының жеңімпаздары марапатталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы мен Жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен шілде айында облыс жастары арасындағы «Әулиеата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедициясының жұмысын қолға алған еді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды орындай отырып, туған өлке аумағындағы тарихи-мәдени орындарды жастарға таныстырудың мақсат еткен экспедицияның шынында берері мол болды. Сондай-ақ бұл шара «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасының ІІ кезеңін іске асыру мақсатын көздеп жастар арасында жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өлкетану бағыттында тың ақпаратты жинауға, туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтары туралы білімдерін арттыруға, белгілі бір аймақты танып, білуге және зерттеуге бағытталған.

Экспедиция кезінде облыс жастары өңірденшыққан танымал тұлғалардың өмір жолымен, облыстың тарихи-археологиялық орындарымен, халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен танысты. Қазақстандық патриоттық сана-сезімін нығайту, жастарды іс-шараға қатыстыру арқылы қоғамдық-саяси өмірге тарту және мәдени, рухани құндылықтарын арттыруға бағытталған мұндай шаралардың жастарды жан-жақты жетілдірудегі ықпалы зор.

Өңір жастарының назарын бір сәт тасын түртсең мыңжылдық тарихтан сыр шертетін өлкенің өткенімен таныстыруға ден қойған «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экспедицияның жеңімпаздары марапатталды. Бірнеше күнді қамтыған шара қорытындысы бойынша І орынды Шу ауданының командасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындар Тараз қаласы мен Сарысу ауданының жастарының еншісіне тиді.Сондай-ақ шара кезінде түсірілген фото, бейнематериалдардың ең үздігі де арнайы сыйлыққа ие болды.Барлық жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи