Үкімет басшысының кеңесшісі тағайындалды

/image/2019/09/05/crop-102_134_432x768_69600607_2715558011788834_8269724400463380480_n.jpg

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып Қазақпарат Агенттігінің тілшісі Садық Әкіжанов (Садык Акижанов) тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы журналист, ғалым Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды.

"Өз ісіне қалтқысыз берілген қарапайым журналистің жауапты қызметке келгеніне қуанып отырмын.

Саяси сараптамалары мен ақпараттық сипаттағы мақалаларын бұрыннан оқып жүргеніммен, Садықты былтыр Нью-Иорк сапарында жақыннан таныдым. Қазақ, ағылшын, қытай, орыс тілдерін жетік меңгерген оның қазақы болмысына, елгезек мінезіне тәнті болдым.

Әріптесіме құтты болсын айта отырып, сәттілік тілеймін!" дейді "Егемен Қазақстан" газетінің Басқарма Төрағасы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи