Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына қазақша сұхбат берді (видео)

/image/2019/09/10/crop-18_6_581x774_71183686_2290203184436434_1454926171589312512_n.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді.

тоқаев қытай телеарнасына сұхбаты

Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Тоқаев

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі" делінген жазбада.

Сұхбат үзіндісін телеарнаның ютуб желісіндегі арнасында шықты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи