14 қыркүйек күні жыл сайынғы "GAKKU ДАУЫСЫ" VI эстрада фестивалі "Астана" алаңында өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі almaty.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
"Gakku Дауысы" – бұл жыл сайынғы қазақстандық музыка фестивалі.
"Gakku" телеарнасы ұйымдастыратын концерт ең танымал артистердің басын қосады, алдыңғы буынның жарық жұлдыздары мен сан алуан жанрдағы музыка өкілдері бір сахнада өнер көрсетеді.
Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық контентті және жастар арасында отансүйгіштікті насихаттау.
2018 жылы бесінші мерейтойлық концертті тамашалауға 200 000-дай адам жиналды, ал "Gakku" телеарнасындағы және YouTube-тегі тікелей эфир арқылы концертті еліміздің түкір-түкпіріндегі әнсүйер қауым көріп, көзайым болды.
Оставить комментарий