Алматыда тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды

/image/2019/09/11/crop-172_45_261x465_10-09-19-con7.jpg

Алтыншы мамандандырылған ХҚКО Жетісу ауданындағы Ақсуат көшесі, 118 мекенжайы бойынша орналасқан «Нұрсат» базарында жұмысын бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Оның ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов, «Азаматтар үшін үкімет» Мемкорпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташева, Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысты.

ХҚКО мына қызметтер көрсетіледі:

- көлікті мемлекеттік тіркеуге алу;

- көлікті мемлекеттік тіркеуден шығару;

- мерзімін біткенде, тегін өзгерткенде, жоғалтқанда көлік жүргізу куәлігін беру.

Мұнда күн сайын 1 000–1 200 жуық адамдарға қызмет көрсетіледі.

Құжаттар дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Дайын құжаттар кешкі сағат 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз беріледі.

Дәл осы күні Алматы облысының Қарасай ауданында да мамандандырылған ХҚКО ашылды. «Азаматтар үшін үкімет» Мемкорпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташева хабарлағандай, автомобилистерге қызмет көрсететін жаңа бөлімдердің орналасқан жерлері текке таңдалған жоқ.

«Біз сараптама жүргізіп, көлік тіркеудің негізгі транзиттері Қапшағай мен Қарасай ауданының маңы екенін анықтадық. Сондықтан алтыншы мамандандырылған ХҚКО Алматы қаласы мен Алматы облысының шекарасы түйіскен жерде және Қарасай ауданының Кемертоған селосында ашуды жөн көрдік. Біздің болжамымыз бойынша жаңа мамандандырылған ХҚКО Алматыдағы негізгі №1 ХҚКО-ның жүктемесін на 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді» – деді Ә. Балташева.

Оставить комментарий

Связанные Статьи