Абайдың 175 жылдығы, әл-Фарабидың мерейтойы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуге 3,8 млрд теңге бюджет қаржысы қарастырылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті таныстыру кезінде қаржы вице-минисрі Берік Шолпанқұлов айтты.
Сондай-ақ вице-министр Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2020 жылға 65,1 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті.
– Бұл 2018 жылғыдан 5 млрд теңгеге жоғары. Шығындардың артуы Токио – 2020 Олимпиадалық ойындарының трансляциясына лицензиялық құқықты алумен, футболдан Еуропа чемпионатының трансляциясымен, 2020 жылғы "Barimiz birge" волонтер жылын өткізумен байланысты, – деп атап өтті Шолпанқұлов.
Оставить комментарий