Жетісу ауданының жарықтануы 100%-ға дейін жетеді

/image/2019/09/12/crop-66_72_297x528_12-09-19-svet.jpg

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов қазіргі кезде ауданның жарықтану деңгейі 88,2%-ды құрайтынын айтты.

Оның мәліметі бойынша, ауданда ұзындығы 317 км болатын 10 055 жарық көздері, 121 басқару шкафтары қызмет көрсетуде.

Биылғы жылы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы 61 мекенжай бойынша 1473 сыртқы жарық нүктелерін жүргізуде.

«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша көше жарығын орнатуда ауқымды жұмыстар жүруде. Ауданды толық жарықтандыру үшін ағымдағы жылы 60 мекенжайға 1181 жарық нүктесін орнатудың ЖСҚ әзірленеді. Ал, бұл ауданның көше жарығын толық қамтамасыз ететін болады», – деді М. Қиқымов.

Бұлардан өзге, ауданның және Жасыл экономика басқармасының күшімен 9,5 км арық желілері салынды және жөнделді.

22 мекенжай, оның ішінде Райымбек, Сүйінбай, Рысқұлов даңғылдары мен көкжиек ықшамауданында, «Алматы-2» маңында арық желілерін салудың ЖСҚ әзірлеуге өтініш берілді. Қазіргі кезде арық желілерінің ұзындығы 100 километрді құрайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи