Б. Сағынтаев: Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады

/image/2019/09/12/crop-99_98_258x459_05-09-19-digital1.jpg

Жаңа басқарманың міндеті – келер жылдың аяғына дейін қажетті мемқызметтерді толық автоматтандыру. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

Алматы – Қазақстанның цифрлы астанасы. Қазіргі кезде қала цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша (82,6%) үздік. ІТ қызметтің үштен бірі оңтүстік астанада орындалады. Астанамен бірге Алматыда мәліметтерді жедел жіберудің жаңа форматы – 5G тестіленуде.

«Менің тапсырмам бойынша әкімдікте цифрландыру мәселесі бойынша жеке басқарма құрылады. Оның міндеті – ақылды қалалардың жаңа жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды аяқтау, Алматыда ИТ сектор қарқынын жыл сайын жеделдету үшін жағдайлар жасау»,  деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Қазіргі кезде Алматыда қажетті мемқызметтердің 80%-ы автоматтандырылған. Жаңа цифрландыру басқармасының міндеті  2020 жылдың аяғына дейін қажеттіліктегі мемқызметтерді толық автоматтандыру.

almaty.gov.kz

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи