Жамбыл облысы медициналық ұйымдары 4 медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. «Elsi Med» медициналық ақпараттық жүйеcінде стационарлық көмек көрсететін 14 ұйым және «Damu Med» кешенді медициналық ақпараттық жүйеcінде алғашқы медициналық көмек көрсесетін 21 ұйым, стационарлық көмек көрсететін – 3 ұйым, санаторлы-курорттық емдеу және диспансерлер саны – 5 ұйым, және жеке медициналық орталықтар саны 29 ұйым. Сонымен қатар Облыстық қан орталығы – Инфо-донор ақпараттық жүйесімен, облыстық жедел жәрдем стансасы – АИС-Комек ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда.
Облыс бойынша медициналық ақпараттық жүйелерге 1 069 079 электрондық денсаулық паспорты толтырылған. Бұл «Халықты тіркеу регистрі» бойынша ақпараттық жүйесінде тіркелген 1 135 418 халық санының 94,1 пайызды құрады. Электронды денсаулық паспорты дегеніміз бұл науқас туралы барлық мәліметі тіркелген электрондық жүйе. Электрондық денсаулық паспорты науқас туған күнінен бастап қандай егулер алғаны, қандай аурулармен ауырғаны, қандай ауруханаларда емделгені, қандай дәрі-дәрмектер алғаны, қандай ота жасалғаны және өзге де мәліметтер сақталады.Тіпті оның аллерго анамнезі, флюрорография паспорты, емханада, ауруханаларда өткен анализдерінің қорытындылары сақталады. Бұл науқас өзінің медициналық құжаттарын қолымен тасымайды, және Қазақстанның қай елді мекенінде болса да науқас туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Облыста барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында цифрлық сауаттылық посттары ашылды, барлығы 52 пост. Жамбыл облысы бойынша цифрлық сауаттылық посттары арқылы 263 119 халық ақпаратпен қамтамасыз етілді. (2018 жыл 1 шілде пилоттық жобаның басынан бастап оқытылған халық саны 775 507)
«Damu Med» медициналық ақпараттық жүйеcіндегі интернет белсенді халық саны 617 529, оның ішінде 49 928 адам мобильдік қосымшаға тіркеліп, электронды қызмет алуда.
Бұл онлайн режиміндегі дәрігерге жазылу, дәрігерді үйде шақыру, еңбекке жарамсыздық парағын көре-білу, рецептілерді, сондай-ақ зерттеулер нәтижелерін қараудың арқасында медициналық қызметтің барлық түрлерін пайдалануға онлайн режимінде мүмкіндік береді. Бұл амбулаториялық, стационарлық карталарды және қағазды нұсқаудағы жолдамалар қолдану қажеттілігін жойды, бұл қағаздар мен журналдарға үнемдеудің арқасында үлкен экономикалық нәтиже берді.
Оставить комментарий