Эдвард Сноуден: WhatsApp пен Telegram қауіпсіз емес

/image/2019/09/17/99bd1ccc188308ef9c79ca82d0065f2b-small.jpg
Америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден шенеуніктерге WhatsApp пен Telegram мессенджерлерін қолданбауға кеңес береді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі forbes.kz-ке сілтеме жасап.
France Inter сайтына шыққан сұқбатта журналист Франция премьер-министрі Эдуар Филипп WhatsApp-ты, президент Эмманюэль Макрон Telegram желісін құп көретінін айтқан. Бұған жауап ретінде Сноуден  министрлердің WhatsApp-ты қолдануы "үлкен қателік" екенін мәлім етті. Ол аталған қосымшаның 2014 жылы Facebook-тың қарамағына өткенін атап өтті.
– Олар қауіпсіздік деңгейінің қабаттарын сәт сайын жойып отыр, – дейді ол.

Оның сөзінше, аталған қосымшалар қажет жағдайда қолданушылардың әңгімелері мен хабарламаларының мазмұнын біле алады. Десе де Сноуден WhatsApp пен Telegram желілері қарапайым смс-хабарламалармен салыстырған қауіпсіз екенін де айтты. Оның ойынша Signal және Wire мессенджерлері – ең қауіпсіз желілер.

Бұған дейін Telegram-ның негізін қалаған Павел Дуров WhatsApp мессенджерін ашық сынға алған болатын. Ал Apple құрылтайшыларының бірі Стив Возняк жеке деректердің қауіпсіздігі үшін Facebook-тан шығып кетуге кеңес берген. Ол өз аккаундын өткен жылы өшіріп тастаған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи