Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский Беларусь пен Украина Ресей қарамағына өтіп, біртұтас мемлекет жасауы керек деген пікір айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.
– Адамдардың бостандығы шектелмеуі тиіс. Белорусь тілінде сөйлегісі келетіндерге де, украинша сөйлегісі келетіндерге де шектеу қойылмайды. Қажет десе, ұлттық газеттері, театрлары мен мектептері де сақталынсын. Бірақ ортақ бр тілде сөйлескен ыңғайлы болар еді. Кеңес үкіметі уақытында өзге ұлттар өзара орысша сөйлесетін. Мәселен, Абхазияда жиі болатынмын. Ондағы грузиндер, абхаздар, орыстар, эстондықтар мен армяндар орысша қарым-қатынас жасайтын. Енді бес тілді үйреніп жүрмейді ғой, – деді Жириновский.
Сондай-ақ депутат ондай елде паспортқа ұлтты көрсету міндетті емес, тек "азамат" деп атаса жеткілікті екенін айтты.
Оставить комментарий