Бүгін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының "Шығыс" Оқу орталығының саптық алаңында "Шығыс-2019" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ШҚО ақпарат орталығы жазады.
Мақсаты – қатардағы жауынгерлердің дайындығын тексеру және өңірдегі бейбітшілікті сақтау үшін ресейлік және қазақстандық әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл деңгейін арттыру.
Оған 4000-ға жуық әскери қызметшілер қатысып, бір жарым мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.
– Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар әскери ынтымақтастықтың көп жылғы тарихына ие. Бүгін басталған оқу-жаттығу екі одақтық мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тығыз қарым-қатынастардың жарқын айғағы болып табылады. Әрбір сарбаз өз кәсібилігін, ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұра білуін көрсету керек, – дейді РФ Қарулы Күштері әскерлерінің командирі Сергей Мильчаков.
Оқу-жаттығу үш кезеңде өтеді: әскерлерді жауынгерлік әзірлікке дайындау, бірлескен арнайы әскери операцияны өткізу.
Осындай оқу-жаттығулар еліміздің бірнеше өңірінде бір уақытта басталды. Қазақстанның оңтүстігінде тау-кен бөлімшелерімен, ал Қарағанды облысының аумағында зымырандық-артиллериялық бөлімшелермен қатар өтуде.
Қолбасшылық атап өткендей, аталмыш оқу-жаттығуларды өткізу қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерін қолданумен байланысты бірқатар мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштері тұрақты негізде Орталық Азия елдері – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан, сондай-ақ Ресей, Белорусь, Үндістан, Түркия және басқа да мемлекеттер бірлескен оқу-жаттығуларға қатысады. Өткен жылы Қазақстан әскери қызметшілері оннан астам халықаралық оқу-жаттығуларына қатысты.
Оставить комментарий