Семейде өнер шеберлерінің халықаралық байқау-фестивалі өтті

/image/2019/09/18/crop-96_37_280x498_image002.jpg

Семей қалалық Арбатта еліміздің барлық өңірінен және жақын шетелдерден келген шеберлер мен қолөнершілер қала тұрғындарына өз шығармашылығын таныстыру үшін жиналды.

Шара  облыстық әкімдіктің қолдауымен қалалық Достық үйі өкілдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. 

–  Сәндік-қолданбалы өнер фестивалі  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр. Бүгін мұнда Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтау және Павлодардан 70-тен астам шебер жиналды. Сондай-ақ Ресейден арнайы қонақтар шақырылды. Іс-шараның басты мақсаты – біздің шеберлердің жұмысын және қолданбалы шығармашылықтың жыл сайын дамып отыратынын көрсету. Шара барысында Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді, – дейді қалалық Достық үйінің директоры Надежда Шарова.

ч

Фестиваль соңында үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтар мен естелік сертификаттарға ие болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Оставить комментарий

Связанные Статьи