Бес сатылыдан неге үш деңгейлі сот жүйесіне көштік?

/image/2019/09/20/crop-40_7_520x693_unnamed.jpg


Қазіргі уақытта сот саласында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Мұның
себебі неде? Өйткені сотқа қарапайым азаматтардың сенімі болмай, алға
жылжу мүмкін емес. Бір айта кететін жайт, халық кімге сенеді? Сотқа ма,
заңға ма? Негізі заңды бұзбай жүрген адамның құлағы тыныш. Қазақ «тек
жүрсең, тоқ жүресің» деп бекер айтпаған. Сондықтан өмірде
заңдылықтардың бұзылмағаны дұрыс. Бірақ оны бұзған жағдайда жауапқа
тартылатының анық қой. Бірақ адамдардың кейде заңды бұзып, артынан
өкініп қалатын жайттары да болады. Тіпті сот процесі кезінде судьяның
шығарған шешіміне риза болмайтындар бар. Жеме -жемге келсек,
судьяның жұмысы оңай емес. Оған іріктелгендер ғана өтеді. Қазіргі
уақытта сот саласында іргелі реформалар жүріп жатыр. Мұны қостау
керек. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот саласында
өзгерістер қажет екендігін баса айтқан. Елбасы 100 нақты қадам Ұлт
жоспарында ұтымды нәрсенің жүзеге асатынын айтты. Атап айтар болсақ,
ол не?
1. Сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру;
2. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру;
3. Халықтың сотқа сенімін күшейту;
Ол үшін қазір не істелініп жатыр? Ең бірінші айтарымыз, сот бес сатылы
жүйеден үш сатыға шықты. Бұрын қалай еді.? Бағзы жүйеде бірінші,
апеллециялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау сатысынан
өтетін. Бұл Ұлттық жоспарда айтылғандай, енді сот саласы үш сатылы сот
жүйесіне көшті. Атап айтқанда, бірінші, апелляциялық, кассациялық және
кассациялық. Ал мұның тиімділігі неде? Бұрындары әділдікке жету үшін
халық сотқа бес рет жүгінетін болса, жаңа реформадан кейін қарапайым
азаматтар сотқа жаңа жүйе бойынша үш рет жүгіне алатын болады.
Қарапайым тілмен айтқанда, енді сотқа шағымданған адам облыстық
деңгейдегі екі сотқа қатысады. Бұдан кейін кассациялық сот оның
заңдылығын тексереді.


Жалпы тарихқа жүгінер болсақ, біз сөз етіп отырған үш сатылы сот жүйесі
бұрыннан бер. Атап айтсақ, халықаралық жүйеде қолданылып келеді.
Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, сот материалдарын тексеру ұзаққа
созылып кетеді. Содан кейін халықтың наразылығы үдеп кетеді.
Материалдар көп болғандықтан оның шешімін шығару да бірнеше айларға
ұласады. Демек, үш сатылы жүйені түсіндірер болсақ, бірінші - аудандық
соттар, екінші – облыстық соттар, үшінші кассациялық саты, яғни ол– -
 Жоғарғы Сот болып табылады. Жаңа жүйе 2016 жылдан бастап жұмыс
істей бастады. Ал егер азамат бірінші мен екінші сатыдағы соттарға риза
болмаған жағдайда Жоғарғы сотта ашылған кассациялық алқасына
шағымдана алады. Мұның тиімділігі мынада: іс материалдарын зерттеу,
зерделеу көп уақыт алмайды.

Ұлт жоспарынан кейін сот саласында пайда болған оңды өзгерістердің бірі
ол– судьялардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Бұрын жасы 25-ке
келген судьялар қызметке кірісе беретін. Ал жаңа реформа бойынша 30
жасқа жеткеннен кейін ғана осы қызметке келе алады. Ал мұның қандай
артықшылығы немесе тиімділігі бар?


Біріншіден, 30 жасқа дейін судьялар жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды.
Екіншіден, олар бір жыл бойы тағлымнамадан өтеді. Үшіншіден, олар
практикадан өткен сәтте оларға бір жылдық стипендия төленетіндігін айта
кеткен жөн. Жалпы судья үшін бұл сатылардың барлығы да керек.
Өйткені қазақ бекер айтпаған: тура биде туған жоқ» деп. Өйткені қазіргі
таңда халыққа әділетті шешім шығаратын сауатты төбе би, судьялар керек.

Оставить комментарий

Связанные Статьи