100 нақты қадам: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бізге не үшін керек?

/image/2019/09/20/crop-134_3_518x690_unnamed-4.jpg

Шындығында да келер жылы бастау алатын медициналық сақтандырудың
жұмысының бізге не үшін керектігін кейді түсіне бермейтініміз рас.
Негізінде бұл не, қандай жүйе? Мұны қарапайым тілмен қалай түсінесіз?
Ақиқатында зейнетақы қорына аударылатын ақша сияқты жұмыс беруші
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорына да тиісті
көлемде ай сайын қаржы аудырып отырады. Енді осыдан кейін сауал
туындайды: бұл мәселеге мемлекет неге соншалықты мән беріп отыр?
Халықтың қаржысы аударылып жатқан бұл жүйенің берері не? Мұны
қарапайым тілмен айтсақ, былай: денсаулық сақтау саласын мемлекеттік
тұрғыдан қолдау және бұл үнемі тоқтаусыз жүзеге асып отырған процесс.
Сондықтан адам баласында «Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына аударылып жатқан қаржының рахатын көре
алмаймыз?» деген күмәнді пікір тумауы керек. Өйткені Елбасы Назарбаев
қол қойған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80 қадамында міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру не үшін қажеттілігі айқын
түсіндірілген. Нақты айтсақ,
1.Жұмыс берушілер қорға ақша аудару денсаулық саласының қаржы
тұрақтылығын нығайтады.
2.Жұмыс беруші, жеке азасмат пен мемлекет арасындағы ынтымақтастық
күшнйеді, әрі жауапкершілік артады.
3.Бастапқы медицианалық санитарлық көмек қаржыландыру артады
4. Аурудың алджын алу мен оған қарсы күресудің мемлекеттік шаралары
жасалынады.
Бұл Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығын нығайтуға мүмкіндік
беретін жүйе. Бұл республика азаматтарын жынысына, тұрғылықты
жеріне қарамастан медициналық және дәрі-дәрмек тұрғысынан толықтай
қамтамасыз етеді. Бұл табысы бар азаматтарды да қолдайды, әлеуметтік
жағынан аз қорғалған топтарды да қорғайды.
Айта кету керек, Қазақстан бұл жүйені тыңғылықты зерттеген тұста
халықаралық тәжірибелерді де есепке алды. Мысалы, әлемде
медицинадлық сақтандырудың үш түрі бар:
1.Бюджеттік;
2. Сақтандыру;
3. Аралас сақтандыру;
Қазақстан бұл орайда аралас сақтандыру жүйесін жүзеге асырып отыр. Бұл
моделдің тиімділігі мынада: медицина саласына бөлінетін қаржылығын
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әр азаматқа бөлінетін
қаржы жұмыс беруші мен мемлекетке жүктеледі. Сондықтан жұмыссыз
қалмаудың барлық жолдарын қарастыру керек. Ал егер отбасы немесе
жалғызілікті азаматтар әлеуметтік жағынан аз қорғалған топқа жататын

болса, оларды да мемлекет далада қалдырмайды. Оларға мемлекет
қазынасынан арнайы ақша бөлініп отыр. Бұл орайда осындай қолдауды
қажет ететін жандардың 15 санаты бар. Оларға мемлекет өзі төлем жасап
отырады.
Бұл жүйенің тағы бір артықшылығы бар: медициналық сақтандыру қорына
жарна аудару арқылы кез келген емхананы өзіңіз таңдап, медициналық
қызметтің барлық түріне қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл әрине кез
келген Қазақстан азаматы үшін таңдау құқы. Сондықтан біз Міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қарапайым азамат үшін және
олардың денсаулығын нығайту үшін жасалғанын айта кеткен ләзім.

Оставить комментарий

Связанные Статьи